Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы 17 сәуір күні Оксон-Хиллде (АҚШ, Мэрилэнд штаты) өтетін бокс кешінің кейінге шегерілетіні туралы хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Бұған коронавирустың өршуін себеп болып отыр.

Бұл кеште Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) бұрынғы әлем чемпионы (IBF, IBO және WBA (Super)) намибиялық Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) жұдырықтасуы керек болатын.