IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) жарақатынан айығып, Лас-Вегастағы жаттығуларына қайта оралды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол туралы боксшының командасындағы диетолог Джеймс Локвудтың инстаграм парақшасына салған суретінен белгілі болды. Головкин UFC Performance Institute спорттық орталығында жаттығуда.