Қазақстан баскетбол федерациясы ел біріншілігі мен бірқатар жарыстарды уақытша тоқтату туралы ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы Қазақстан баскетбол федерациясының баспасөз-қызметі мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігерінің 12 наурыздағы қаулысы негізінде Қазақстан баскетбол федерациясы Қазақстан чемпионатының ойындарын, Қазақстан кубогтары мен баскетбол мен "3×3"" баскетболынан Қазақстанда өтетін басқа да турнирлердің өткізілу уақытын кейінге шығару туралы шешім шығарды.