Иваново-Франковск қаласында спорттық жүрістен Украинаның қысқы чемпионаты өтті деп жазады Olympic.kz.

Турнирге Қазақстан атынан төрт спортшы қатысып, барлығы да 20 шақырымға жарысудан бақ сынады.

Қазақстандық спортшылар жалпы есепте 115 ұпай жинап, 12-ші орынға табан тіреген.

Қазақстандық спортшылардың нәтижесі: - Георгий Шейко — 1:24.06 (6 орын) - Галина Якушева — 1:34.39 (6 орын) - Регина Рыкова — 1:38.06 (8 орын) - Полина Репина — 1:44.01 (11 орын)