«Оқжетпес» футбол клубының бас бапкері Андрей Карпович «Қайсармен» өткен ойын жайлы өз ойын білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz, қызылордалық команданың ресми сайтына сілтеме жасап.
– Бүгін жанкүйерлерсіз ойнағанымыз біз үшін қиын болды. Жеңіліп қалуымыздың бірден бір себебі де осы болды. Матч нәтижесіне көңіліміз толмайды. Өйткені өз алаңымызда үш ұпайды еншілеуіміз керек еді. Дегенмен бізге үш ұпай бұйырмады. Қарсыламыз ел біріншілігіндегі тегеурінді команданың бірі. Оның үстіне биыл Еуропа лигасында өнер көрсетеді.