Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің қонақүйлерін тегін аурухана етеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сондай-ақ "Ювентус" шабуылшысы аурухана дәрігерлеріне жалақы төлеуге ниеттеніп отыр.

Еске сала кетейік, Роналду Италияға барудан бас тартты, оған себеп, туриндік клуб сапында ойнайтын Даниэле Руганидің коронавирус инфекциясын жұқтырып алуы болып отыр.