Қазақстандық жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан БАӘ чемпионаты аясындағы «Әл-Айн» - «Әл-Жазира» матчында алаңға шықты.

Қазақстандық футболшы негізгі құрамда шығып, 76 минутта басқа ойыншымен алмастырылды.

Алғашқы минуттан алаңға шыққан Бауыржан Исламхан ешқандай нәтижелі іс-әрекетпен көзге түспеді. Ал оның командасы болса 1:3 есебімен жеңіліс тапты.