Бұрынғы ACA тұжырымы бойынша чемпион, UFC ұйымында сегіз жекпе-жек өткізген Альберт Туменов Нұр-Сұлтан қаласында өтуі мүмкін UFC турнирінде өнер көрсеткісі келетіндігін айтты.

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері бұл туралы «Вестник ММА» Youtube-арнасына берген сұхбатында айтты. Қазіргі кезде спортшы UFC ұйымымен келіссөздер жүргізуде. Альберт Туменов 2014 жылдың ақпанына бастап 2016 жылдың қазанына дейін UFC ұйымында 8 жекпе-жек өткізіп, 6 рет жеңіске жетіп, 1 рет жеңіліске ұшыраған.