Ресей Премьер-лигасының 22-туры аясындағы «Сочи» - «Краснодар» кездесуі көрерменсіз өтеді. Қазақстандық футболшы Акмаль Бахтияров өнер көрсететін «Сочи» өз алаңындағы кездесуді көрерменсіз өткізеді.Ресейде коронавирусқа байланысты адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге тыйым салынды. Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 45 адамға жеткен. Көптеген еуропалық футбол біріншіліктері коронавирусқа байланысты тоқтатылды. Ресей және Қазақстан біріншіліктері жалғасуда. Қазақстандағы барлық кездесулер көрерменсіз өткізіледі.