Франция чемпионатындағы «Труа» клубы футболшыларының бірі коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Prosports.kz Sport24 сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы клуб өзінің ресми парақшасында жазды, бірақ ойыншының аты-жөні құпия күйінде қалды. Ал L'Équipe басылымы қауіпті вирусты жұқтырған оңтүстік кореялық Хюн Джун Сук екенін айтып отыр.

Айта кетелік, бұл Франция лигасындағы алғашқы оқиға. Бұған дейін Лига-1 мен Лига-2 турнирлері қауіпсіздікке байланысты тоқтатылған болатын.