Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 2-туры аясында екі ойын, «Жетісу» - «Тобыл», «Ертіс» - «Қызыл-Жар» матчтары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Tалдықорғандықтар өз алаңдарының дайын болмауы себебінен, қостанайлықтарды Алматыдағы «Жас Қыран» стадионында қабылдайды. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталады.

Бүгінге жоспарланған тағы бір ойын - «Ертіс» пен «Қызыл Жар» СК арасында өтеді. Бұл матч та Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталады.