Елорда командасының шабуылшысы Алексей Щеткиннің Қазақстан чемпионатының уақыты өзгертілген 18-ші туры аясындағы «Ордабасы» қақпасына соққан добы, «Астана» сапындағы 15-ші голы ретінде тіркелді.

28 жастағы шабуылшы астаналықтар сапындағы 14 голын Чемпионат аясындағы кездесулерде соқса, тағы бір голды ел Кубогы жолындағы ойында өз еншісіне жазды. Одан бөлек, Алексей Қазақстанның алты дүркін чемпиондары сапында 8 нәтижелі пас берді.

Бір қызығы, Щеткин қазіргі клуб құрамындағы ойыншылардың арасындағы екінші сұрмерген. Оның алдында тек 49 гол соққан Марин Томасов бар.

«Астана» құрамындағы қазіргі ойыншылардың арасындағы үздік бес сұрмерген:

1.Марин Томасов 49

2.Алексей Щеткин 15

3.Юрий Логвиненко 14

4. Дмитрий Шомко

5.Рунар Сигурьонссон, Дорин Ротариу 8