Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) промоутерлерінің бірі Эдди Хирн өз клинтінің рингке оралатын күнін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz Ringpolska.pl сайтына сілтеме жасап.

Хирннің айтуы бойынша, Головкиннің Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жекпе-жегі маусым айында өтеді. Бұл жекпе-жектің өтетін күні бесінші рет ауысып отыр.

Айта кетейік, егер GGG осы кездесуде жеңіске жетсе, онда күзде Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа қол қояды.