2020 жылғы Дэвис кубогы финалдық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасы Швеция және Канада командаларымен В тобына түсті.
Жеребе тастау рәсімі Мадридте (Испания) өтті, жарыс жеңімпазы 23-29 қараша аралығында анықталады.
Турнирге қатысатын 18 команда 6 топқа бөлінді.
- А тобы: Испания, Ресей, Эквадор
- В тобы: Канада, ҚАЗАҚСТАН, Швеция
- С тобы: Франция, Ұлыбритания, Чехия
- D тобы: Хорватия, Аустралия, Венгрия
- Е тобы: АҚШ, Италия, Колумбия
- F тобы: Сербия, Германия, Аустрия.
Еске сала кетейік, турнирдің қазіргі чемпиондары - Сербия теннисшілері, олар финалда Испания құрамасының өкілдерінен басым түсті.
Комментарии