Федерация кубогының ресми сайтының хабарлауынша жарыс белгісіз мерзімге кейінге шегеріледі.

Федерация кубогының финалдық кезеңі Будапештте 14-19 сәуір күндері өтуі керек болатын. Венгрияда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай енгізілген.

Короновирусқа байланысты бүкіл әлем бойынша көптеген спорттық іс-шаралар кейінге қалдырылуда.