Амман қаласында (Иордания) бокстан Токио Олимпиадасына аймақтық іріктеу турнирінің финалдық кездесулері өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Бекзат Нұрдәулетов турнир жеңімпазы атанды.

Нұрдәулетов ақтық сында Австралия спортшысы Пауло Аокусоны 5:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, 2019 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы биыл Олимпиада ойындарында бақ сынайды.