Қазақстандық орта салмақтағы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) кезекті жекпе-жегіне дайындығын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

26 жастағы қазақстандық Instagram желісіндегі парақшасына соққыларға төтеп берген іш бұлшықетінің мықты екенін көрсететін видео жариялады.

Еске сала кетелік, Жәнібек Әлімханұлының кезекті кездесуі 28 наурызда Квебекте (Канада) өтеді. Сол кеште ол өзінің WBC Continental America және WBO Global белбеулерін бәске тігіп, жеңілуді білмей келе жатқан ганалық Исса Самирамен (18-0, 15 КО) жұдырықтасады.