Қазақстандық боксшы Василий Левит Аммандағы Олимпиадаға іріктеу турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.

Жартылай финалда Левит иорданиялық Хуссейн Ишаишпен жұдырықтасты. Василий Левит турнирді ширек финалдан бастаған болатын. Бірінші жекпе-жегінде тәжікстандық Давлат Болтаевты жеңіп, Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алған болатын.