«Атырау» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарында ресейлік «Носта» футбол клубымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Атыраулық команда сапынан Артак Дашян және Петр Гжельчак гол соғып көзге түсті. «Атырау» екі гол айырмасымен алда тұрса да, ресейлік команда табандылық танытып есепті теңестіре алды. Қортыныды есеп 2:2. «Носта» футбол клубы Ресейдің екінші лигасында өнер көрсетеді. «Атырау» Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарын аяқтап, 11-наурызда елге оралады. Биылығы маусымда «Атырау» Қазақстанның бірінші лигасында ойнайтын болады.