Оралдық «Ақжайық» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарында украиналық «Верес» командасына қарсы жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 2:0 есебімен украиналық ұжымның пайдасына аяқталды.

«Верес» футбол клубы Украинаның екінші лигасында өнер көрсетеді. 20 турдан кейін жарыс кестесінде үшінші сатыда келеді.

«Ақжайық» футбол клубы биылығы маусымда Қазақстанның бірінші лигасында ойнайды.