Елордалық команда өз мұз айдынында «Металлургқа» қарсы бесінші кездесуде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Нұр-Сұлтан қаласындағы бесінші кездесуде «Барыс» 5:2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық команда сапынан Сагадеев және Акользин дубль аторлары атанса, Даррен Диц бір голды еншісіне жазды. Қонақтар сапынан Кулемин және Минулин мергендіктерімен көзге түсті.