Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыноа Аммандағы Олимпиадаға лицензия беретін турнирдің ширек финалында жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бибосынов қытайлық Ху Жинхуаға қарсы жекпе-жекте төрешілерді бірауызды шешімімен жеңіліс тапты. Сәкен Бибосыновтың әлі де Олимпиадаға жолдама алуға мүмкіндігі бар. Келесі жекпе-жек ол үшін маңызды болмақ. Осыған дейін алты бірдей қазақстандық Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алған болатын.