"Атырау" футзал бойынша Премьер-лиганың 13-14-ші турының кейінге қалдырылған матчтарын "Ақтөбеге"көрерменсіз өткізді.

"Атырау" ФК басшылығы коронавирустың бүкіл әлемде таралуына байланысты 13 және 14-турлардың ақтөбеліктерге қарсы кейінге қалдырылған матчтарын көрермендерсіз өткізуге шешім қабылдады. Бұған дейін "Атыраудың үй матчтарына 6,600 көрермен келді, бұл орта есеппен бір ойынға 1100 көрерменді құрайды.

Көрермендер болмағанына қарамастан, "Атырау" "Ақтөбені" екі рет жеңді - 3-0 және 2: 0.