6 наурызда әйелдер командалары арасында баскетболдан Қазақстан чемпионатының кезекті маусымы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кезекті маусымның қорытындысы бойынша, ұлттық чемпионаттың финалдық кезеңіне қатысатын командалар анықталды, олардың матчтары 18-28 сәуір аралығында Щучье қаласында «Жақсы-2» спорт кешенінде өтеді.
«А» тобында бірінші орынды иеленген елордалық «Астана Тайгерс» командасы жартылай финалға жолдама алды.
Тағы алты команда плей-оффтағы жолдарын 1/4 финалдан бастайды.
Ширек финалдағы жұптар:
Ертіс (Павлодар) - Оқжетпес (Ақмола облысы)
«Синегорье» - «Қазығұрт МарС» (Шымкент)
СДЮСШ (Алматы облысы) - «Тұран» (Түркістан облысы)
Плей-оффтың кезеңіндегі текетірестер бір команда екі жеңіске қол жеткізгенге дейін жалғасады.
Комментарии