M-1 Global ұйымының уақытша чемпионы Асу Алмабаев Instagram желісіндегі жеке парақшасында «Жақсылықа ұмтылыс» тобымен бірге қайырымдылық акциясына қатысып жүргенін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Топ мүшелері бірде әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмектессе, бұл жолы көше тазалаушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, өздері де жұмысқа ат салысқан.

«Жақсылық жасап, қайырымын күтпейтін тобымыздың тағы бір ізгі ісінен көрініс. Жаһандық жақсылыққа толтырайық!», деп жазды қазақстандық файтер.