Алматыдағы АСА 105 турнирінде үздік өнер көрсеткен қазақстандық спортшылар қосымша сыйақы алады, деп хабаралайды Prosports.kz сайты. Турнирдің үздік жекпе-жегі болып Шамиль Шахбулатов пен Даниэль Оливейр арасындағы жекпе-жек танылды. Екі спортшы да қосымша 10 мың АҚШ долларына ие болады. Үздік нокауты үшін Асылжан Бақытжанұлы, үздік сабмишн әдісі үшін Артем Резников 10 мың АҚШ долларын қанжығаларына байлады.

Ал Арман Оспанов, Евгений Егембердиев және Нұрсұлтан Қасымхановтар уақытынан бұрын жеңіске жеткендері үшін 5 мың АҚШ доллары көлемінде қосымша сыйақы алады.