«Астана»- «Қызыл-Жар СҚ» арасындағы ойын соңында петропавлдық команда бас бапкері Вячеслав Руснактың қатысуымен баспасөз жиыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz «Астана» футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.- Баршамызды жаңа маусымның басталуымен құттықтаймын.Ойынға келер болсақ, матч біз үшін сәтсіз аяқталды. Ойынның алғашқы бөлігінде жақсы ойын көрсетіп, қарсылас командаға гол соғуға мүмкіндік берген жоқпыз. Ал екінші таймда жекелей қателіктерге көп бой алдырып алдық. Нәтижесінде, қарсылас бізді лайықты түрде жазалап кетті. - Ойынның екінші таймындағы қателіктер немен байланысты?- Мен осыған дейін айтқандай, біз бірінші таймда жинақы ойнадық. Ал екінші таймда өз жоспарымызға сай ойын көрсете алмадық. Дәл бүгінгідей ауа райында қақпашыға допты қайтару өте қиын. Осындай сәттерде қорғаушылар көмекке келуі керек еді. Алайда, олар оны жасаған жоқ. Ойындағы 1:0 есебінен кейін бізде гол соғатын тамаша мүмкіндік болған. Сол сәтті голға айналдырғанда барлығы басқаша болуы мүмкін еді.