Нұр-Сұлтан қаласында Дэвис кубогының іріктеу кезеңінің Қазақстан-Нидерланды кездесуіндегі жұптық матч аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұптық кездесуде Қазақстан намысын Голубев/Недовесов жұбы қорғады. Олар 1 сағат 11 минутқа жалғасқан кездесуде Хасе/Ройер жұбын 6:3,6:3 есебімен жеңді.Осылайша Қазақстан құрамасы жалпы есепте алға шықты.

Ендігі кезекте жекелей сында Александр Бублик және Михаил Кукушкин өнер көрсетеді.