7 наурызда Магнитогорскіде Гагарин кубогының 1/8 финалы бойынша жергілікті «Металлург» пен «Барыс» арасында плей-офф сериясының төртінші матчы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

5 наурызда «Барыстар» овертаймда 2: 1 есебімен жеңіске жеткен болатын (сериядағы есеп те елордалық клуб пайдасында - 2: 1)

Магнитогорсклік клуб биылғы маусымда «Барысты» өз айдынында жеңе алмай келеді. Андрей Скабелка командасы да бұл дәстүрді бұзуға құлықсыз. Сол себепті бүгін де жан алысып, жан беріскен матчтың болуы ғажап емес.

«Металлург» пен «Барыс» матчы Нұр-Сұлтан уақытымен 17:50-де басталады. Ойынды мына СІЛТЕМЕ арқылы тамашалауға болады.