Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Ермек Тлауов Алматыдағы АСА 105 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ермек Тлауов ресейлік Алихан Сулеймановқа қарсы жекпе-жек өткізді. Кездесу екінші раундтан кейін Тлауовтың аяқ жарақатына байланысты аяқталды. Қазақстандық файтер кездесуді жалғастыра алмады.

Бұл Тлауовтың мансабындағы жетінші жеңілісі.

Ал Сулейманов спорттық мансабындағы он бірініші жеңісіне қол жеткізді.