Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова жарақат алып қалды, деп хабарлай Prosports.kz сайты.

Ол туралы спортшы инстаграм парақшасында жариялады.

Әзірге жарақатының қаншалықты ауыр екендігі белгісіз. Естеріңізге салатын болсақ Сабина Алтынбекова 2019 жылдың соңында БАӘ-дегі «Аль-Васл» волейбол клубына ауысқан болатын.