Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіндегі үшінші матчта елордалық «Барыс» Магнитогорскінің «Металлургін» жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Алғашқы екі ойын Нұр-Сұлтанда өтіп, екі команда бір жеңістен еншілеріне жазған еді. Магнитогорсктегі үшінші кездесу овертаймға дейін жалғасып, Линус Виделль соққан шайбының арқасында қазақстандық команда жеңіске жетті.

Командалар арасындағы төртінші ойын 7 наурызда Магнитогорск қаласында өтеді.

«Металлург» (Магнитогорск, Ресей) — «Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 1:2 ОТ (0:0, 0:0, 1:1, 0:1)

Сериядағы есеп: 1:2Шайбы соққандар:

1:0 — 46:12 Мозякин (Козун, Локтионов)1:1 — 48:47 Диц (Виделль)Қақпашылар: Кошечкин — Паскуале