Екінші Лигада бақ сынайтын «Астана-Ж» командасы Тәжікстандағы оқу-жаттығу жиыны аясында жергілікті «Эсхат» футбол клубымен жолдастық матч өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Елордалық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Эсхат» футбол клубы - тәжік Бірінші Лиганың қола жүлдегері. Бұл матч 5 наурыз күні өтеді.

Айта кетейік, Константин Котов шәкірттері осыған дейін Тәжікстан Бірінші Лигасының тағы бір өкілі «Парвоз» клубымен кездескен болатын (3:1).