Ресейлік Петр Ян UFC жеңіл салмақтағы файтерлер рейтингіндегі көшбасшы Марлон Мораеспен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz Аllboxing.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты бұған дейін Питермен жекпе-жек өткізгісі келген америкалық Альджимейн Стерлинг (жеңіл салмақ бойынша екінші нөмірлі файтер) растады.

Стерлинг мұны білегінің жарақатына операция жасағаннан кейінгі қалпына келуі баяу жүріп жатқаннан соң, UFC Петрге басқа спортшымен шығуды міндеттегенін айтты.

Еске сала кетейік, UFC 13 маусымда Нұр-Сұлтанда турнир өткізуді жоспарлап отыр.