Нидерланд астанасы Амстердам қаласында Ұлттар лигасының 2020/21 маусымының жеребесі тартылды.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы С дивизионының 4 тобына түсті. Біздің құрама Албания, Беларусь және Литвамен күш сынасады.

С дивизионының барлық тобы:

1 топ: Черногория, Кипр, Люксембург, Әзірбайжан;2 топ: Грузия, Северная Македония, Эстония, Армения;3 топ: Грекия, Косово, Словения, Молдова;4 топ: Албания, Беларусь, Литва, Қазақстан;

Естеріңізде болса, Ұлттар лигасының алғашқы маусымында Қазақстан құрамасы D дивизионында өнер көрсетіп, өз тобында екінші орын алып қалған еді. Плей-офф жолдамасын Қазақстан, Латвия мен Андорра құрамаларынан үздік нәтиже көрсеткен Грузия құрамасы жеңіп алды.