Нидерланд астанасы Амстердам қаласында Ұлттар лигасының 2020/21 маусымының жеребесі тартылды.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы С дивизионының 4 тобына түсті. Біздің құрама Албания, Беларусь және Литвамен күш сынасады.

Естеріңізде болса, Ұлттар лигасының алғашқы маусымында Қазақстан құрамасы D дивизионында өнер көрсетіп, өз тобында екінші орын алып қалған еді. Плей-офф жолдамасын Қазақстан, Латвия мен Андорра құрамаларынан үздік нәтиже көрсеткен Грузия құрамасы жеңіп алды.