Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) Лас-Вегастағы Mayweather Boxing Gym залында жаттығуын жалғастырып жатыр.

Жанқош Тұраров колумбиялық Сэмюэл Варгаспен (31-5-2, 14 КО) спарринг жекпе-жек өткізді. Сондай-ақ бұл залда қазақстандық боксшы Әли Балоев пен Искандер Харсан жаттығып жүр.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров Алматыдағы Halyk Arena кешенінде жоспарланған бокс кешінде жеңілістің ащы дәмін татпаған панамалық Александр Дюранмен жұдырықтасады. 27 жастағы боксшы профи-рингте 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Айтпақшы, 29 жастағы Жанқош та 24 кездесу өткізіп, оның бәрінде жеңіске жетті.