«Барыс» хоккей клубының капитаны Даррен Диц Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» әнін қазақ тілінде шырқап, жанкүйерлерді тәнті етті, деп хабарлайды Prosports.kz

«Барыс» пен «Металлург» арасындағы плей-офф кезеңінің бірінші кездесуіндегі үзілістердің бірінде мұз сарайының үлкен экранында қазақтың шапанын киген Даррен Дицтың бейнежазбасы көрсетілді.

Жанкүйерлер спортшыны қолдап капитанға қосылып ән шырқады.