WBA тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтың чемпионы филиппиндік Мэнни Пакьяо, WBC Diamond титулын жеңіп алған америкалық Майки Гарсиямен жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosprots.kz.

DAZN Пакьяо мен Гарсия арасында жекпе-жек ұйымдастырғысы келеді. Жақында платформа өкілдері американдық промоутер Эдди Хирнмен келіссөздер жүргізу үшін байланысқа шығады. Титулдық жекпе-жек 11 шілдеде Сауд Арабиясында өткізу жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Гарсия отандасы Джесси Варгасты тізе бүктіріп, жартылай орта салмақтағы алғашқы жеңісіне қол жеткізген еді.