Алматыда фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінің кезекті жарыс күні аяқталды. Назарларыңызға қазақстандық спортшылардың нәтижесін ұсынамыз.

Параллель могул бойынша өткен сайыста Дмитрий Рейхард төртінші орынға жайғасты. Ал Павел Колмаков 15-ші орыннан көрінді.

Жарыс нәтижесі бойынша жапониялық Икума Хоришима жеңімпаз атанды. Канадалық Микаэл Кингсбери күміске қол жеткізге, Лорен Дюма қоланы қанағат тұтты.