Түркияның Анталья қаласында жасөспірімдер арасында Еуропа кубогы басталды, деп харлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасай отырып.

Жарыстың бірінші күнінде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

Мерей Марханбетов (60 кг) жарыс жеңімпазы атанса, Олжас Еренгаибов (60 кг), Нұрайлым Сәрсебек (40 кг), Аружан Ережепова (52 кг) күміс медальға иелік етті. Ал Олжас Құмар (55 кг) мен Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 кг) қос қоланы қоржынға салды.