АПЛ-дың 28-турында «Ливерпуль» футбол клубы сырт алаңда «Уотфордқа» 3:0 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz

Алаң иелері сапынан Исмаила Сарр дубль авторы атанса, Трой Дини бір голды өз еншісіне жазды. Осылайша Юрген Клопп шәкірттері маусымдағы алғашқы жеңілістеріне ұшырады. «Ливерпуль» АПЛ-да 2019 жылдың 3 қаңтарынан бері жеңіліс дәмін көрмеген.