ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы Серік Сәпиев «Хрустальный колос» қысқы Спартакиадасы аясында 2020 метр қашықтықты шаңғымен жүріп өтті.

Серік Жұманғалиұлы осылайша Ақмола облысының спортшыларына қолдау танытты. Айта кетейік, Ақмола облысының Зеренді ауданында облыстық XXXIV Қысқы Спортакиаданың ашылуы өтті. Жарысқа қатысушыларды Серік Сәпиев, Ақмола облысының әкімі Қанат Ыдрысов қарсы алды. Серік Жұманғалиұлы өз сөзінде қысқы спорт түрлерінің Ақмола облысында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі атынан Спартакиада қатысушыларына сәттілік тілеп, Ақмола облысы спортшылары қысқы спорт түрлерінде аса сәтті өнер көрсетіп жатқанын тілге тиек етті. Осы дәстүрден танбай, қысқы спорттың өңірде бұдан әрі де дами беруін тіледі. Сонымен қатар, ол Зеренді ауданының 85-жылдығымен құттықтап, өңірдің өсіп өнуін тілейтінін айтты. Сондай-ақ, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға, бұқаралық спортты танымал етуге шақырды», — деді Серік Жұманғалиұлы.

Айта кетейік, Ақмола облысының 17 ауданы және екі қаласынан 600-ге жуық спортшы 6 спорт түрінен жарысқа қатысуда. Бұған дейін Спортакиада бағдарламасына сай 3 спорт түрінен жарыстар өткен еді. Айта кетейік, 2019 жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысында шаңғы жарысымен 5 мыңнан астам адам айналысады.