Қазақстан Кубогының иегері «Қайсар» Қызылордадан Қостанайға арнайы рейспен ұшып келді, деп жазады Prosports.kz.

Онда Қазақстан Суперкубогы үшін ел чемпионы «Астана» командасымен кездеседі. Бұл ойын ертең, 29 ақпанда «Тобыл Аренада» өтеді. Матч елорда уақытымен 17:00-де басталады.

Жоспар бойынша «Қайсар» ойыншылары кеше ұшуы керек болатын. Бірақ ауа-райына байланысты рейс кейінге шегерілген. Бүгін команда ойын алдындағы жаттығу өткізеді.