Бірінші орта салмақта WBC Азия және WBC Youth World белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтің (11-0, 10 КО) кезекті жекпе-жегі кейінге шегерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы боксшы Instagram желісінде хабарлады.

«Қазақ сарбазының» 12 наурыз күні Монреальда (Канада) өтеді деп жоспарланған жекпе-жегі кейінге қалдырылды. Бұған спортшының жарақат алып қалуы себеп болған.

- Өкіншіке орай 12 наурызға жоспарланған жекпе-жек кішігірім жарақатыма байланысты кейінге шегерілді. Алла қаласа кездесуді келесі айға жоспарлауымыз мүмкін, - деп жазды боксшы.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегінде аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты (12-6-2, 7 КО) 7-раундта нокаутпен жеңген болатын.

Садриддин Ахмедов сальто жасады. ВидеоНұрзат Сабыров кәсіпқой рингтегі жеңісті жолын жалғастырды (фото)