Қарағандылық «Сарыарқа» Жоғары хоккей лигасы (ВХЛ) плей-офф кезеңінің бірінші турында Санкт-Петербургтің «СКА-Нева» командасымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сырт алаңда өткен алғашқы екі ойында да «Сарыарқа» жеңіліп қалды. Сериядағы үшінші матч бүгін Қарағандыда өтеді.

«Сарыарқа» - «СКА-Нева» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де басталады.