Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес келесі жекпе-жекте британиялық Каллум Смитпен жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz Vringe порталына сілтеме жасап.

Инсайдер Гарет Дэвис өзінің Twitter желісіндегі хабарламасында Смит пен Альварестің Лас-Вегаста 2 мамырда жекпе-жек өткізу туралы келісімге келгенін жариялады.

«Сол баяғы АҚШ-та. Өте сенімді ақпарат көздері Канело Альварес пен Каллум Смит арасындағы жекпе-жектің өтуі келісілген деп мәлімдеді. Мексика vs Ұлыбритания, 2 мамыр, Лас-Вегас», деп жазды инсайдер.