Қазақстандық футболшы Владислав Васильев жаңа маусымды Беларусьтің «Рух» командасында бастайды.

«Динамо-Брест» 22 жастағы футболшыны «Рух» командасына жалға берді. Өйткені бас бапкер Сергей Ковальчук оған сенім артпайтынын айтқан.

Айта кетейік, Беларусь чемпионатында «Энергетик-БГУ» командасының сапында нәтижелі ойнаған Владислав Васильев өткен жазда «Динамо-Брестке» ауысқан болатын.