MMA әлеміндегі ең беделді ұйым UFC-дің (Ultimate Fighting Championship) Қазақстандағы турнирі қашан өтуі мүмкін екені белгілі болды.
Бірнеше қазақстандық және ТМД елдері спортшыларының менеджері Саят Абдрахманов Instagram-парақшасында UFC турнирінің қашан өтетінін жазды.
– Қол жетпестей көрінетін арман жақында шындыққа айналады. 13 маусым, - деп жазды ол.
Бұған дейін UFC Fight Night турнирі биыл жазда Нұр-Сұлтан қаласында өтуі мүмкін екені белгілі болған.
Айта кетейік, UFC-мен Қазақстанның екі спортшысының келісімшарты бар. Ол - Шавкат Рахмонов пен Жалғас Жұмағұлов.
Комментарии