26 ақпанда елордалық «Барыс» КХЛ тұрақты маусымындағы соңғы кездесуін өткізеді. Андрей Скабелка шәкірттері Хабаровскіде жергілікті «Амурмен» ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл матч қазақстандық клуб үшін Гагарин кубогына дайындық ретінде саналатыны анық. Алда «Металлургпен» өтетін төрт ойын күтіп тұр. Ал хабаровскіліктер өз айдындарында жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қуантқысы келеді.

«Амур» - «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 14:50-де басталады және оны мына СІЛТЕМЕ арқылы тамашалауға болады.